Ай

G
Завершён
3
автор
Фэндом:
Пэйринг и персонажи:
Размер:
2 страницы, 707 слов, 1 часть
Описание:
Примечания:
Посвящение:
Публикация на других ресурсах:
Уточнять у автора / переводчика
3 Нравится 4 Отзывы 1 В сборник

Часть 1

Настройки
Ауылда дүркіреп той болып жатыр, Асылбай байдың үлкен ұлы үйленді, бүкіл ауыл болып тойлатуда, бәйге, көкпар, қыз қуу секілді ойындар ойнатылды. Ауыл тарихындағы Наурыздан кейінгі ең ауқымды той осы болған шығар. Кеш батысымен барлық үлкен ата-әжелер киіз үйге кіріп шәй ішпекші, ал жеңгелеріміз соларды күтумен әлек, балаларда ұйықтап қалды, бұл ауылдың жастары үшін жақсы мүмкіндік еді.           Жастардың күлкісі даланы алып жатыр, далада от жағып жанында әңгіме дүкен құруда, бір бала бар дауысы өте әдемі, тыңдаушының жан дүниесін тебірентіп, ерекше сезімге бөлейді. Нұрлыбек (N.B) ауылдағы өнерлі балалардың бірі, әдеттегідей домбырасымен ән шырқап отыр.Үлкендердің жоғын пайдаланып жастар қымызды тоқтамай ішуде, ертең не болар екеен, бірақ қазір оны ойлап тұрған ешкім жоқ. Әбілқайырда (A.boo) басқалардан қалыспауда,  тек бір бала шетте тұр, байдың екінші ұлы Ақжол (I). Әбілқайыр оны байқап қасына жақындайды  - Эй Ай, неге жалғыз тұрсың, бізбен жүрсеңші - Тіке сен туралы айтып тұрған жоқпын, бірақ, мен мас адамдармен болғанды онша ұнатпаймын. Ақжол бүгін неге екені белгісіз көңілсіз,ашулы жүрді, бұл сөздер Әбілқайырдың, қымыздың кесірінен бұлыңғыр ойын одан әрмен, бұлыңғыр етті. - Өзіңді бізден күшті санайсың ба? Байдың баласымын деп?? А? Ақжол?? Сен бұлай еместігін өзіңде білесің, ақсаусақ!      Мұндай сөзді күтпеген, Ақжолдың нәзік жаны жараланды. Ақжол бір сөз айтпастан бұрылып кетіп қалды. Бұндай реакцияны күтпеген Әбілқайыр бірден, есін жиған секілді айтқан сөзі үшін өкніш жүрегін баурай бастады. Не істерін білмей бір орында тұрып қалды. Ойы жинақталғанға шейін, Ақжолда көз алдынан жоқ болды.Әбілқайырдың жүрегі,тез соға бастады, "жақын адамымды жоғалтып аламын ба" деген қорқыныш бүкіл денесін тітіркендіріп жіберді. Ақжол өте сезімтал әрі мейрімді жан, сонымен қатар кішкене ебедейсіздігі бар (Әбілқайыр оның қасында жүргендіктен, Ақжолға ештеңке болмайтын).Досы үшін алаңдап Әбілқайыр Ақжолды іздеуге жүгіріп кетті.          Ең жақын досынан мұндайды күтпеген Ақжол өте қайғырды. Ақжолмен Әбілқайыр кішкентайларынан дос еді,ешқашан бір бірін қиындықта тастамай бірге жүретін. Әбілқайыр Ақжолға "Ай" деген лақап ат қойды, себебі оның айтуынша Ақжол, ай секілді аппақ және түнде айдай өте байыпты әрі тыныш, әрқашан тыңдауға дайын.    Ақжол әдеттегідей, өзеннің жанына келіп отырды, толған айдың сәулелерінің әсерәнен өзенде күміс ағып жатқандай әсер болды. Ақжолға осы жерде отырған ұнайтын, бұл жер оның басқалардан,уайымнан тығылатын орыны болатын. Бүгін оның көңілсіз жүргенінің басты бір себебі, ол оның жақын досы Әбілқайырдың басқа ауылға көшіп баратыны.Ол мұны, үйге келген қонақтардың қолына су құйып жүріп Әбілқайырдың әкесінен естіп қалды, олар үш күнен кейін жолға шықпақшы. Ақжол бұны Әбілқайырдың өзі айтпағанына қатты ашуланды. Арттан адамның жүріп келе жатқан дауысы шығады. Сол кезде, Ақжол бір адамнан тығыла алмайтынын есіне түсірді. Әбілқайыр ол туралы бәрін білді, кейде Ақжолды, Ақжолдың өзінен де жақсы білетін секілді. Әбілқайыр ақырын Ақжолдың қасына отырды. Ауылдың самал желі, жарқыраған айы мен сыңғырлап аққан өзені, осы атмосфера шын жүрекпен сөйлесуге өте жақсы еді. - Иә, неге келдің? - Ай, кешірші мені, ақымақ болдым, өз өзімді ұстай алмай қалдым, мен сен туралы ешқашан олай ойламағанмын! және ешқашан ойламаймында! Шынымды айтамын!  - ... Есіңді жидың ба? - Иә.. енді ешқашан қымыз ішпеймін, айтқаным атқан - Дұрыс, ішімдік жақсы нәрсеге алып келмейді.  - ... *Әбілқайыр істеген ісі үшін қатты ұялып кетті* - Ай бәрі жақсы ма? (Әбілқайыр әңгімені басқа жаққа тезірек бұрғысы келді, әрине досының хәлі де оны уайымдатты) Сен бүгін көңілсіз жүрсің - Әбілқайыр, сен менен ештеңке жасырып жүрген жоқсың ба? - Мен, нені жасыруым мүмкін, әрине жоқ - Сенімдісің бе?  - іі иә? - Басқа аулға көшетініңді, қашан айтпақшы болдың? (күні бойы жүрегінде болған ашу бір мезетте жоқ болды, Ақжолдың дауысы тек мұң мен сағынышты сездірді) - ... Мен оны кейін айтайын деп ойлағанмын.. - Сен 3 күнен кейін кетейн деп жатырсың Әбіл.. қашан айтамын деп ойладың? кететін күні ме?  - Жоқ, әрине жоқ! Мен қалай оған дәтім барады??? - Баратын секілді.. мен екеуміз ең жақын адамбыз деп ойлағанмын.. - Әрине сен мен үшін өте қымбат жансың Ай! Негізі мен сені Ай деп айтуға үшінші себебім бар. Сен менің қараңғы өмірімді Ай секілді жарық етесің! Сен бағана кетіп қалғанда, сені іздеп жүргенде мен бір айқын шындықты түсіндім, сенсіз мен қара түнекте секілдімін, сенің күндей жарқыраған күлкің, жібек матасындай жұмысақ шаштарың және мұхиттың түбіндей терең ойға толы көздерің маған өте керек. Мен сені жақсы көремін Ай...   Жылы  жел Әбілқайырдың басын қолдау үшін сипап кеткендей. Тыныштық, тек өзеннің ағысымен екі жігіттің жүрек қағысының үні шығып тұрғандай.  - Бұл өте үлкен әрі мықты сезім Әбіл..., бірақ мен сенің не айтқың келгеніңді түсіндім, себебі менде сол сезімді сезінудемін. Менде сені жақсы көремін.  Екі беттері қызарып бір біріне күлімсіреп, екеуі жасыл шөп үстінде жатып, жұлдыздарды тамашалады. Ертең не боларын олар ертең ойластырады ал қазір екеуі үшін уақыт тоқтап қалғандай.
3 Нравится 4 Отзывы 1 В сборник
Отзывы (4)