Часть 1. Воспоминание
10 февраля 2025 г., 13:32
Эх..тағы да сабаққа бару.. Бүгін 1 қыркүйек, сағат 9.38. Мен негізі 7.21 де оянғанмын. Бірақ, мен Алихан, Бекжан, Айболмен далада жүргенбіз. Қоңырауға баруғымыз келмеді. Сондықтан кешігіп келеміз деп шештік. 10.20. Біз жүгіріп бара жатырмыз. Көйлегіміз жалп-жұлт етіп, шашымыз артқа қарай ұшып, маңдайымыз терлеп, мектеп алдына жүгіріп бара жаттық. 10.28. Біз келдік, өз сыныбызды іздеп, сол жаққа барып, артына тұрып алдық. Әзер дем алып, күліп, бір бірімізге жыртын-жыртын етіп күліп жаттық.
Мұғалім бізді көріп басымыздан бір ұрып, ұрысты. Директор бізді құттықтап, қарсы алып, қоңырау бітті. Бүкіл балалар жаңа сыныптарына барды.
Мен Айболмен бірге үшінші қатардың ең соңғы партасына отырдық. Күліп, ойнап отырдық. Мұғалім бізге тағыда ескерту берді, бірақ бізге бәрібір болды.