Часть 1
8 января 2026 г., 01:19
тлеужан, ақжол, абулхайр - 10 сынып оқушылары, үшеуі ең жвқын дос, алайда ішінде любовный триугольник бар екенін ешқайсысы білмейді. тлеужанның ақжолға деген сезімі бар, ал ақжолдың абулхайрға деген сезімі бар. абулхайр аса ешкімді ұнатпайды, бірақ та өзі әлі мойындамаған ақжолға деген сәл бір симпатиясы бар еді.
абулхайр тарих сабағынан мықты болған соң оған сыныптасы аяулымға көмектесіп жіберуін сұрайды. осыны бүткіл сынып естігенде бірден екеуін қоса бастайды. ал ақжол мұны жақтыртпады, абулхайрды аяулымнан іштей қызғанып жүрді. ал тлеужан керісінше олар үшін қуанышты болды. жоқ, олар үшін емес, абудың ақжолға қарауының мүмкіндігінің төмендеуі, өйткені ол шынымен аяулыммен қосылып кетсе, ақжол оған қарсы шыға алмай, қабылдай салуы. әдетте абулхайр мен ақжол сабақта бірге отыратынеді, ал тілеужан болса олардвң алдарында болмаса артында отыратын. бір күні трих ағай үлкен үзіліс басталғалы абулхайрға бірден кабинетке келсін деген, себебі ол аяулымға алдыңғы тақырыппен көмектесу керек болды, сол үшін екеуіне өздерің бара беріңдер деді. ағай абулхайрды аяумен бірге дәл өзінің алдында отырғызып жібереді. кейін сыныпқа артынан ақжол мен тлеужан кіреді.
абудың аяумен бірге отырғанын ақжол көріп қалды
ақ: абу неге анда отырсың, келсейші бірге отырмадық па
аб: ағай отырғызып қойды, осы сабақ бойы мында отырамын, тлеужанмен отыра берсейші
ақ: мм.
ақжолдың көңіл күйі кішкене түсіп қалғандай болды себебі ол абудың одан алыстағанын қаламады. ал тлеужан керісінше бұл оның мүмкіндігі екенін түсініп пайдаланып алғысы келеді. бірақ тлеу ұялғаннан әңгімені бастай алмай кетті. ақжолдың екі көзі абуда екенін көреді. уақытта жоғалтпайын деп бірден іске қосылады.
т: не ойлап отсың
ақ: жай.
т: осы сен абулхайр туралы тым көп ойлайсың деп ойламайсың ба? қашан не ойласаң сол баяғы абу ғана, бәлкім өзіңе, айналаңа шамалы көңіл берерсің? ол туралы ойламасаң әлем құрып кетпейді ғой. тіпті ол сенен басқа біреуді қаласа да, оның таңдауын құрметтейсің ғой, оның қуанышты болғанын көргің келеді ғой?
ақ: осылай маған айтушы болмашы. “ол сені қаламайды” дегенді естісем жүрегім ауырады, өтінем. ұнататын адамыңның басқа біреумен уақытты сәтті өткізгеніне қарау - маған ауыр.
т: кешір, сені қаламайды дегім келмеді, тек оның кез келген таңдауын сыйлайсың ғой деп жеткізгім келген. бірақ ол аяулыммен жай ғана сыныптас әрі кетсе дос шығар, жай көмектесіп жібереді де келеді ғой, бір сыныпта отырған жоқпыз ба? сен оған қатты байланып қалыпсың. сосын “сәтті уақыт өткізгені” деген қалай бұл, ол жай көмектесіп жатқан жоқ па тем более ағай айтқан соң істеп жатыр. сен оған қатты байланып қалыпсың.
ақжол тлеужанның айтқан сөзін аса тыңдаған жоқ, бірақ соңғы айтқан сөйлеміне бірден назар аударыпты. ол ойланып қалды.
ақ: мүмкін сенікі де дұрыс шығар, бірақ қалай жіберетінімді білмеймін
т: оны сәл ұмыт та өзіңе көңіл бөл. мүмкін сабақтан кейін пс ойнап қайтамыз?
ақ: болады иә. бірақ абусыз барамыз ба? бізбен қайтамын десе ше
т: оған тәуелді болып қалмас үшін сәл алыстап жүр одан. болмаса кешке не басқа күні барамыз.
ақ: ок махл
сабақтар біткен соң:
абулхайр аяуға көмектесіп қалу керек болған соң ақжол мен тлеуге қалатынын айтып кете берсін деді, олар жақсы деді.
аб: джиги бүгін аялымға көмектесуім керек без обид қой иә
ақ: иә иә кете бер
т: оууу абу😏
ақ: и қойш болд, біз еттік онда
олар мектептен шығып кетті де үйге қарай бірге қайтатын жолмен жүрді. басында екеуі де дым үндемей жүрді де бір кезде тлеужан әңгімені бастағысы келді.
т: не ғо ақжол, осы біз үнемі үшеуіміз жүрген кезде абу арамызда көп сөйлейді ғой бізді де сөйлетіп қойып, содан қазір үндемей келе жатқанымызға кішкене біртүрлі сезініп отырмын
ақ: сол ғой, үнемі бір нәрсе деп айтып жүред миды ашытып, қайта бүгін тыныш боп жақсы болып қалдық
т: просто мен адаммен 1 на 1 қалғанда кішкене ыңғайсызданып қаламын, көбіне бір компанияның ішінде отырған ұнайды
ақ: сен ондай болмасай, керісінше осылай қалып қалғанда ол адаммен барынша барлық нәрсені талқылауға тырыс. айналаңда болып жатқан нәрсені, өткенді, болашақты, айтар әңгіме көп қой. мен жай шаршағаннан сәл сөйлемей жүрмін
т: аа…
сүйтіп олар үйлеріне қайтып кетті